Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҚазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Жаңадан сайланған Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған онлайн-семинарлар басталғанын хабарлайды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Ведомство дерегінше, оқытудың басты мақсаты – қоғамдық кеңестердің кәсіби біліктілігі мен институционалдық әлеуетін нығайту арқылы азаматтардың мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ететін маңызды тетік ретіндегі рөлін күшейту.
Оқу бағдарламасы Қоғамдық кеңестер қызметінің негізгі бағыттары бойынша 11 тақырыптық онлайн-семинарды қамтиды: Қоғамдық кеңестер қызметінің құқықтық негіздері, қоғамдық бақылау жүргізу тәртібі, этика және жауапкершілік, мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимыл, жеке құзыреттіліктерді дамыту, азаматтардың өтініштерін сапалы қарастыру, жария коммуникация және үздік тәжірибемен алмасу, - делінген мәліметте.
Семинарлар мемлекеттік басқару, құқық және азаматтық секторды дамыту саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды