20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы облысының туристік және рекреациялық аймақтарын қоғамдық бақылау шеңберінде Қоғамдық кеңес мүшелері экологиялық мониторинг жүргізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, көшпелі экологиялық мониторинг Қонаев қаласындағы 5-ші және 6-шы жағажай аумағында өтті.
Мониторингтің мақсаты – өзекті экологиялық проблемаларды анықтап, жағалау аймағының санитарлық жағдайын бағалау, сондай-ақ демалушылар үшін инфрақұрылым мен жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу, - делінген мәліметте.
Суға түсу маусымы болғандықтан, аталмыш нысандарда барлық қауіпсіздік шаралары сақталған. Атап айтқанда, суға түсу кезінде жағалау сызығынан асқан кезде дереу ескертіледі, қоқыс тұрақты түрде тазаланады, медпунктер жүйелі жұмыс атқаруда, құтқарушылар әрдайым көмек қолын созуға дайын.
Айта кетейік, 5-ші жағажайда құтқарушылар саны 15 құтқарушыдан 22-ге өскен. Ал, 6-шы жағажайға тағы үшеу қосылған. Сондай-ақ 4 лед-экран орнатылған. 5-ші жағалауда 22 дауыс зорайтқыш орнатылған.
Аумақта 4 құтқару мұнарасы және судағы тәртіп ережелерімен таныстыратын ақпараттық стендтер бар. Су көліктері мен шағын көлемді кемелерге арналған 2 бөлек орын белгіленген.
Осы бағыттағы жұмысты Қоғамдық кеңес маусым аяқталғанша жүргізетін болады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?