23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕліміздің бірқатар өңірінде «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы өтті6 деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, науқан шеңберінде Қостанай, Түркістан, Павлодар, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент және Астана қалаларының Қоғамдық кеңес мүшелері туристік және тарихи-мәдени нысандарға мониторинг жүргізіп, олардың санитарлық жағдайы мен абаттандырылу деңгейін бағалады.
Мониторинг жүргізілген орындардың қатарында Шымкент қаласындағы «Ескі қала», Қостанай облысындағы Алексеев археологиялық кешені, Астанадағы Бауыржан Момышұлы көшесінің бойы, Түркістан облысындағы «Жүсіп ата» кесенесі мен «Ақмешіт» жерасты үңгірі бар. Сонымен қатар,«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы,«Қаздар қонысы» табиғи ескерткіші және «Тектұрмас» этно-тарихи кешені қамтылды, - делінген мәліметте.
Мониторинг қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тазалық деңгейін арттыру, жасыл желектер отырғызу, демалыс аймақтарының инфрақұрылымын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар әзірледі. Сонымен қатар бірқатар өңірде абаттандыру жұмыстарына да тікелей атсалысты.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады