1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин №393-ші сайлау учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Цифрлық құжаттарымды көрсетіп, дауыс беруге келдім. Бұл да цифрлық жүйенің дамығандығының көрінісі. Сайлауға түсіп жатқан депутаттардың тізіміне қарасақ, өте көп. Әрине, бүкіл процестен өту үшін де батылдық керек. Комиссия мүшелеріне алғысымды айтамын, - деді ол.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері министрден сайлаудан қоғамда қандай өзгеріс күтетінін сұрады.
Бұл сайлауды Президент өз Жолдауында жариялаған күрделі саяси экономикалық реформаның негізгі бастамасы деп есептеймін. Адамдар өзгермей, Қазақстан ешқашан өзгермейді. Қаншама азаматтар сайлауға өз кандидатурасын жариялады. Бұған да батылдық керек. Бұл еліне, жеріне жаны ашу деп ойлаймын, - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?