Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті «Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында «Qnet» компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен Қызылорда қаласының 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдың қаңтар айы аралығында 44 млн теңгеге жуық көлемде ақша қаражаттарын тартқан, - делінген ақпаратта.
Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды. Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланылмайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
Компаниялардың қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын "Baiqa, piramida!" телеграм боты арқылы тексеруге болады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар