Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің сөзінен кейін шегірткенің халал өнім екендігі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Айта кетсек, 5 маусымда Мәжілісте Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы күрес туралы айтқан болатын. Ол кейбір елдер «оны өндіруді және одан керемет ақуыз тағамдарын дайындауды үйренгенін», шегірткенің шын мәнінде халал өнім екендігін атап өтті.
Осыған байланысты Factcheck.kz редакциясы шегірткенің халал өнім екендігі рас-өтірігін анықтау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына хабарласқан.
Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы Factcheck.kz-пен телефон арқылы сөйлесті. Ол шариғат бойынша шегіртке шынымен халал болып саналатындығын айтты. Оның айтуынша, ҚМДБ ұстанатын ханафи масхабында, Мұхаммед пайғамбардың хадистерінің бірінде өліктің екі түрін – балық пен шегірткені тұтынуға рұқсат етілгені анық, – делінген ақпаратта.
Елбек Тасболатұлы «халал мәртебесінің» жұрттың өнімді тұтынуға міндетті екенін білдірмейтінін де атап өтті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары