6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Қиындықта ел бірге» бастамасына орай Қарағанды облысы өкілдігі су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға барып, қайырымдылық асарын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері, жергілікті «Зекет және қайырымдылық қоры» өкілдері, аймақ мешіттерінің имамдары мен медресе шәкірттері, мешіт жамағаты қазақтың асар дәстүрімен көмекке шықты.
Қайырымдылық шарасы барысында Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Шопа ауылы, Ақсу елдімекендерінің тұрғындарына көмек көрсетілді. Тасқын су зардабын көрген халыққа азық-түлік, ас-су, киім-кешек, жатын орнына қажетті көрпе-төсек, балалар мен әйелдерге қажетті жабдықтар, тазалық құралдары, жылыту құралдары және т.б. көптеген көмектер жеткізілді.
Игі шараға арнайы қатысқан Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы аймақ тұрғындарына ізгі тілек айтып, Алладан есендік тілеп қайтты.
Айта кетейік, облысқа қарасты елді мекендерде болған су апаты салдарынан зардап шеккен аймаққа көмек беру әлі де жалғасын таппақ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі