30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚұрбан айт мерекесіне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы qurban.muftyat.kz атты арнайы сайтты іске қосты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл платформа арқылы еліміздің мұсылман жамағаты Құрбан шалу рәсімін қашықтан, онлайн форматта орындай алады.
Игі бастама әсіресе ірі қалаларда тұратын жамағатқа үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Биыл да құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта қатар жүзеге асырылады.
Онлайн құрбан шалуға ниетті азаматтар аталған сайтқа кіріп, құрбандық малын таңдай алады. Қажетті төлемді Kaspi QR арқылы оңай аударуға мүмкіндік бар. Қой мен ешкіні – жеке адам, ал ірі қара мен түйені – бір немесе жеті адам бірігіп шалуға болады. Тапсырысыңыз сәтті рәсімделсе, ұялы телефоныңызға смс-хабарлама келеді. Құрбан шалынғаннан кейін оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барша жұртты Құрбан айт күнгі қайырымдылық шарасына атсалысуға шақырады. Қасиетті күнде құрбан шалып, мұқтаж жандармен сауап бөлісейік!, – делінген хабарламада.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды