Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы ауызашар дастарқанының қарапайым әрі қолжетімді болуы керектігін айтып, мейрамхана мен кафе иелеріне арнайы үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Басқарма өкілдерінің мәлімдеуінше, соңғы уақытта кейбір қоғамдық тамақтану орындары ауызашар мәзірінің бағасын шарықтатып, халық арасында түсінбеушілік тудырып отыр. Дін мамандары ысырапшылдық пен бәсекелестіктің ислам қағидаларына қайшы екенін ескертіп, мұндай әрекеттің сауаптан гөрі күнәға жетелейтінін атап өтті.
Асыл дініміз ауызашар дастарқанында шектен тыс ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет дұрыс емес. Ауызашар қарапайымдылыққа негізделуі тиіс, – делінген басқарманың ресми мәлімдемесінде.
Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейрамхана, кафе және дәмхана иелерін халыққа қолжетімді, қарапайым ауызашар мәзірін ұсынуға шақырды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?