Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы зор азық түрлеріне мониторинг және талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мониторинг барысында басты назар өңірде өндірілетін азық-түліктің өзіндік құнына аударылды.
Департаменттің талдау тобы күріш өндіретін ең ірі 9 кәсіпорынның баға белгілеу жұмыстарына талдау жүргізілді. Оның нәтижесіне сәйкес, Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық өкілдігі 6 күріш өндіретін компанияның бағаны көтеруі қаншалықты негізді екендігін білу үшін тексеру тағайындады.
Өзге кәсіпорындар өңірдің әлеуметтік дүкендерінде саудалау үшін облыстың Тұрақтандыру қорына арналған күріш бағасының килограмын 420-дан 350-ге дейін түсіруге келісті.
Қазіргі таңда әлеуметтік дүкендерде күріштің килограмын 350 теңгеден аспайтын бағада саудалау жұмыстары жергілікті органдар мен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік коропорациясы арасында қарастырылып жатыр.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар