18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері әлемдік додаларда алтын және қола жүлделерге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
7-16 қазан аралығында Өзбекстанның Бухара қаласында Пенчак-силаттан жастар мен ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.
Жарысқа 15 мемлекеттен 450-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасынан 62 спортшы бақ сынап, Мереке Жүнісова алтын медальға ие болды. Пенчак-силат – индонезиялық және малайзиялық жекпе-жек өнерінің жалпы атауы.
Мереке Жүнісова - қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатының жүлдегері, Дүниежүзілік панкратион ойындарының жеңімпазы, Қазақстандағы жалғыз 2 дүркін Азия чемпионы.
Сонымен қатар халықаралық дәрежедегі спорт шебері ел ішінде таэквондо, панкратион, қоян-қолтық ұрыстан бірнеше рет чемпион атанған. Сондай-ақ, биыл 24-28 қазан аралығында Ираклион (Греция) қаласында Джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті.
Халықаралық турнирге әлемнің 68 елінен 950 спортшы қатысты. Чемпионатқа ҚМА қызметкері Ғалымжан Қатбаев Қазақстан құрамасы сапында бақ сынап, 85 келі салмақ дәрежесінде Ju-Jitsu Contact, Fighting бойынша қола жүлдеге ие болды.
Ғалымжан Қатбаев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионы, әлем кубогының иегері, үш дүркін Азия чемпионы, қоян-қолтық ұрыс, жекпе-жек, жауынгерлік самбо, жауынгерлік джиу-джитсудан Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр