Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары«Балқаш Жылу» ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 677 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметі бойынша, «Балқаш Жылу» ЖШС-нің бұрынғы басшылығы 2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта Балқаш ЖЭО және Балқаш қаласының жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және ұстауға арналған 677 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жеке шоттары мен жалған кәсіпорындардың шоттарына жіберу арқылы жымқырған.
Аталған тұлғалар ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу судьясы екі ай мерзімге «қамау» шарасын санкциялады.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар