6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚаржылық мониторинг агенттігі тұрғындарды алаяқтардың жаңа схемалары туралы ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметіне сүйенсек, алаяқтар енді азаматтардың жұмыс орындарында белгілі бір адамдарға қатысты тексеру жүргізілетіні туралы хабарламалар таратып, ынтымақтастық орнатуға және құжаттарды ұсынуға шақыра бастаған. Сенімге кіру үшін бұл хабарламалар Қаржылық мониторинг агенттігінің логотипі бар қолдан жасалған бланкіде дайындалып, жалған ҰҚК мөрімен бекітілген. Одан кейін алаяқтар агент ретінде хабарласып, өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері ретінде таныстырып, банктік шоттар туралы ақпарат алуға тырысқан.
Ескертеміз, агенттік мұндай тексерулер жүргізбейді, сұраныстар жібермейді және жеке тұлғаларға қоңырау шалмайды. Ақпараттың шынайылығын тексеру үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе тұрғылықты жеріңіздегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуге болады,-делінген ресми мәліметте.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі