6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда QJL Awards салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Гала-кеш Қазақстан жасөспірімдер футболының чемпионаттар жүйесі – QJ League-тің төртінші маусымына қорытынды жасап, үздік ойыншылар мен бапкерлерді, сондай-ақ клубтардың өкілдерін бір сахнаға жинады.
Биылғы кештің безендірілуі мен визуалды тұжырымдамасы QJ Gravity тақырыбына арналды.
Маусымның үздіктері анықталды
QJL Awards аясында Лига дәстүрлі жыл сайынғы номинациялар бойынша жеңімпаздарды жариялады. Сыйлықтардың басым бөлігі қазақстандық футбол тарихында өзіндік із қалдырған тұлғалардың есімімен аталады. Осылайша, марапаттау рәсімі бүгінгі жас таланттарды ұлықтаумен қатар, футбол ардагерлерінің еңбегін де еске салды.
Төртінші маусымның марапат иелері:
Бақтиер Зайнутдинов атындағы Changan MVP of the Season – маусымның үздік ойыншысы: Дәулет Орынбасар («Қайрат»).
Эдуард Сон атындағы үздік шабуылшы: Әділбек Тұрдах («Ордабасы»).
Евгений Яровенко атындағы үздік қорғаушы: Алихан Әбді («Қайрат»).
Антон Шох атындағы үздік жартылай қорғаушы: Расул Акимов («Шахтер»).
Александр Убыкин атындағы үздік қақпашы: Даниил Нуржанов («Тобыл»).
Евстафий Пехлеваниди атындағы үздік бомбардир: Дәулет Орынбасар («Қайрат»).
Freedom Video ұсынатын «Жыл перформансы» сыйлығы: Камиль Гайнуллин («Қайрат»).
Георгий Хутиди атындағы үздік бапкер: Игорь Бугаев («Тобыл» U-15).
Асхат Тағыберген атындағы маусымның үздік голы: Ануар Төленді (КФФ академиясы).
Игорь Шацкий атындағы үздік сейв: Нұрсұлтан Солтанғазы («Каспий» U-17).
Александр Кулаков атындағы үздік төреші: Нұрдәулет Қожамұратов (Тараз).
Үздік инспектор: Василий Юрченко (Ақтөбе).
Диас Омаров атындағы үздік медиа-қызмет: «Шахтер».
Сейілдә Байшақов атындағы үздік маркетинг: «Шахтер».
Евгений Ротт атындағы үздік басшы: Зауржан Балтиев («Жас Қыран»).
Үздік менеджер: Қайырбай Хасенов («Ертіс»).
Үздік дәрігер: Еламан Саурбаев («Ертіс»).
Үздік психолог: Динара Исаева («Астана»).
Маусымның ең үздік ойыншысы атанған Дәулет Орынбасарға шетелдік клубта тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді. Бұл бастама Лига ойыншыларын халықаралық деңгейде дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асады. Мүмкіндікті «Астана Моторс» компаниялар тобына кіретін Changan брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы ұсынып отыр.
Айта кетейік, өткен маусымда Changan MVP атағын иеленген «Шахтер» түлегі Глеб Макридов Мадридтегі «Атлетико» клубының базасында бір апталық оқу-жаттығу жиынына қатысқан.
Сонымен қатар позициялар бойынша үздік атанған бес футболшы – Даниил Нуржанов, Алихан Әбді, Расул Акимов, Әділбек Тұрдах және Дәулет Орынбасар Freedom Bank-тен 200 мың теңгелік сертификат алды.
Маусымның символдық құрамасы
Марапаттау рәсімінде төртінші маусымның үздік ойыншыларынан жасақталған символдық құрама да таныстырылды.
Қақпашы:
Даниил Нұржанов («Тобыл»).
Қорғаушылар:
Руслан Джетенов («Тобыл»);
Алихан Әбді («Қайрат»);
Мейірлан Балтабаев («Шахтер»).
Жартылай қорғаушылар:
Мансұр Авасханов («Қайрат»);
Ибраһим Бауыржанов («Ақтөбе»);
Расул Акимов («Шахтер»);
Жәнібек Жайлаубек («Шахтер»).
Шабуылшылар:
Әділбек Тұрдах («Ордабасы»);
Аян Аманжұлов («Ақтөбе»);
Дәулет Орынбасар («Қайрат»).
«Қайрат» U-18 – төрт дүркін чемпион
Кештің басты командалық оқиғасы «Қайрат» U-18 ойыншыларын марапаттау болды. Koktobe Hall сахнасында алматылық футболшылар чемпиондық кубокты көтеріп, маусымның басты жетістігін атап өтті.
«Қайрат» Freedom QJ League чемпионатын қатарынан төртінші рет жеңіп алды. 2026 жылғы маусымда «сары-қаралар» мәреге үш тур қалғанда чемпиондық атағын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Команда 62 ұпай жинап, өзінің рекордын қайталады. Сондай-ақ қатарынан үшінші маусымды бірде-бір жеңіліссіз аяқтады.
Енді алматылық клуб 2027/28 жылғы УЕФА Жастар лигасында Ұлттық чемпиондар жолы арқылы Қазақстан намысын тағы да қорғайды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі