6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында командалар алғашқы екі кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Дегенмен елордалық хоккейшілер тарапынан жиі тәртіп бұзу тіркеліп, олар үш мәрте айдыннан қуылды.
Беларусь хоккейшілері бір мәрте тәртіп бұзды.
Үшінші кезеңде де ойын барысында қос команда шабуылға жиі көңіл бөлді.
Ойынның 53-минутында «Динамо» сапынан Александр Волков есеп ашса, 58-минутында қазақстандық Әділ Бекетаев таразы басын теңестірді.
Негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.
Овертаймда минскілік клубтан Вадим Мороз жеңіс шайбасын соғып кетті.
Осылайша, «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі