6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын қонақта ресейлік «Сочиға» қарсы өткізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұған дейін қос ұжым өзара 22 мәрте жолыққан. Соның 14-інде елордалық ұжым жеңіске жетсе, қалған ойындарда сочилік ұжымның мерейі үстем түскен. Айта кетерлігі, соңғы бес ойында «Барыс» бұл қарсыласын тұрақты түрде тізе бүктіріп келеді.
Турнирлік кестеде «Барыс» 23 ұпаймен 17-орында, ал «Сочи» 16 ұпай жинап, 22-орынға табан тіреп тұр. Алдағы уақытта қазақстандық команда екі ойын қатарын өз алаңында өткізеді: 21 қарашада Уфаның «Салават Юлаевын», ал 23 қарашада Омбылық «Авангардты» қабылдайды.
Ойын Астана уақыты бойынша 21:30-да басталады және оны «Qazsport» арнасының тікелей эфирінен тамашалауға болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі