Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАбай облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған республикалық «Абай оқулары» өз мәресіне жетті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 40-қа жуық жас қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ауқымды мәдени-рухани бағдарлама барысында түрлі этнос өкілдері киелі Жидебай жеріне барып, Абай мен Шәкәрім кесенесіне, Күшікбай ата мазарына, Мұхтар Әуезовтің туған жері Бөріліге саяхат жасады. Сондай-ақ қатысушылар викториналар мен зияткерлік кездесулерге қатысып, ұлттық рухты дәріптейтін шараларға белсене атсалысты.
Абай музейінің аумағындағы «Абай және ұлдары» ескерткішіне гүл шоқтарын қойған жастар ақын рухына тағзым етті. Салтанатты жабылу рәсімінде Абай облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов Абай мұрасын насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.
Абайдың ой-тереңдігін, даналығын жастарға жеткізу – басты мақсат. Бұл шара арқылы сіздер тек рухани білім алып қана қоймай, жаңа достар таптыңыздар. Облыс әкімінің атынан шынайы алғысымды білдіремін, – деді басқарма басшысы.
«Ассамблея жастары» республикалық қозғалысының төрағасы Тимур Жұмұрбаев та жастардың Абайға деген қызығушылығы – елдің рухани жаңғыруының көрінісі екенін атап өтті. Ал шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың арнайы құттықтау хаты оқылды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?