23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚХА-ның «Жүректен жүрекке» арнайы жобасы іске қосылып, оның аясында Ақмола және Қарағанды облыстарына гуманитарлық көмек жіберілді.
ҚХА мәліметінше, гуманитарлық көмектің бірінші бөлігі Қарағанды облысының Шет ауданына жөнелтілді.
Гуманитарлық көмекті жеткізген ҚХА төрағасының орынбасары Ақбаржан Исмаилов, «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Тимур Джумурбаев азық-түлік пен алғашқы кезде қажет болатын заттарды зардап шеккен халыққа үлестіріп, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді, - делінген мәліметте.
Гуманитарлық көмектің екінші бөлігі Ақмола облысының Достық үйіне жеткізілді. Кейбір заттар эвакуациялық пункттерге жөнелтілді.
Ассамблея сенаторлары Алишер Сатвалдиев пен Геннадий Шиповских жергілікті жерлердегі жағдаймен танысып, тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.
ҚХА республикалық штабының мүшелері басқа да зардап шеккен өңірлерге барады.
Еліміздің барлық өңірінде Достық үйлерінің базасында штабтар, еріктілер орталықтары, гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылған. ҚХА-ның қолдауымен жиналған гуманитарлық көмек сомасы — 110 млн теңгеден астам, - делінген ҚХА баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Құтқарушылар мен еріктілерге жергілікті жерлерде ҚХА тарапынан ыстық тамақтар ұйымдастырылуда.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік