6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚарулы күштер әскери-тарихи мұражайында ҚХА 30 жылдығына орай «Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов және этномәдени бірлестіктер мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысты.
ҚХА мәліметінше, қатысушылар елімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің тілінде вокалдық, аспаптық және әдеби шығармаларды орындап, этнос өкілдерінің мәдениетін көрсететін хореографиялық қойылымдарды ұсынды. Сондай-ақ шарада 30 жыл ішінде бірлікті, үйлесімділікті және мәдениетаралық диалогты нығайтудағы ҚХА-ның бірегей рөлі атап өтілді.
Бұл өнер фестивалі 3 жыл бойы өнерлі балаларымызға тек шығармашылықты ғана емес, сондай-ақ, нағыз әртіс болуға және өнерде өзінің бағын жандыруға барынша атсалысуда.
«Жан DoStar: бір аспан астында» республикалық өнер фестивалі 2022 жылдың қазан айынан бері тұрақты негізде өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен төрт мыңға жуық талантты бала қатысты. Бұл жолы байқау еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық адам қатысты.
Конкурс қатысушылары, лауреаттары және олардың тәлімгерлері Ассамблея мен ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен марапатталып, шығармашылыққа деген шабыт алды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі