Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыҚазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров ЕУРО-2026 іріктеу турнирі аясында өтетін Даниямен матч қарсаңында футзалдан Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы және ойыншыларымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Федерация мәліметінше, Марат Омаров бас бапкер Какамен және ойыншылармен сөйлесіп, команда мүшелерінің көңіл-күйін білді. Алдағы маңызды матчқа сәттілік тілеп, құраманың басты мақсаты – Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алу екенін айтты. Сондай-ақ федерация президенті елімізде футзалдың танымал екенін, халықаралық аренадағы жетістіктері жас спортшыларға үлгі екенін атап өтті. Бұған қоса футзалдың одан әрі дамуына басымдық беруге ҚФФ жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.
Еске сала кетейік, 5 ақпанда футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Дания құрамасын қабылдайды. Ойын Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Басталуы – 19:30.
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?