23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымы Ерғазы Шыбырай Орталық Азияда алғаш рет орамжапырақ тұқымдасына кіретін Lepidium sativum өсімдігінің фитохимиялық құрамы және фармакологиялық белсенділігін толығымен зерттеді.
Мақсат – өсімдіктің фитохимиялық және фармакологиялық белсенділігін анықтау. Нәтижесінде зерттеуші 17 жаңа және 28 белгілі биобелсенді қосылысты анықтады. ҚазҰУ ғалымының айтуынша, өсімдіктен алынған табиғи өнімді қатерлі ісікке, диабетке және қабынуға қарсы қолдануға болады.
Lepidium sativum өсімдігі бүгінге дейін функционалды тағам ретіне пайдаланылады. Яғни аталған өсімдік қант диабеті мен жоғары қан қысымын реттеуде, тыныс алу жолдарын жақсартуда, тері, жөтелді және асқазан-ішек ауруларын емдеуде Қытай, Үндістан, Еуропа, АҚШ, Африканың халық медицинасында кеңінен қолданылып келеді. Дегенмен халықтық медицинада қолданылу тарихы бай болғанымен, өсімдіктің фитохимиялық және фармакологиялық әлеуеті бойынша толық зерттеу жұмыстары жүргізілмеген.
Lepidium sativum өсімдігінен табиғатта өте сирек кездесетін екі кемпферол, сегіз глюкозинолат және төрт синапат эфирнің глюкозинолаттары бөліп алынды. Қазіргі таңда қатерлі ісікке және диабетке қарсы белсенділігі бойынша халықаралық патент алынды. Web of Science және Scopus дерекқорына кіретін жоғары деңгейдегі журналда үш ғылыми мақала жарияланды. Фармацевтика саласын отандық шикізат есебінен дамытуға өз үлесімді қосып келемін, – дейді ғалым.
Бүгінде Ерғазы Шыбырай ҚазҰУ базасындағы Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы болып жұмыс істейді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады