«ҚазТрансОйл» Ресейге 325,9 мың тонна мұнай жөнелтті

16 Наурыз 2023, 15:35 1205
 
2023 жылдың қаңтар, ақпан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 325,9 мың тонна қазақстандық мұнайды Махачкала порты бағытында, одан әрі қарай «Махачкала – Тихорецк – Новороссийск» мұнай құбырымен айдау үшін Ақтау порты арқылы жөнелтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Самұрық-Қазына» қорына сілтеме жасап.

Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан мен Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісімнің аясында жүзеге асырылады.
EL.KZ
Бөлісу: