Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСу ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын жалпы саны 757 техникамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, жұмыс бес кезеңмен жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда алғашқы төрт кезең бойынша 636 техника жеткізуге келісімшарттар жасалды.
Келісімшарттарға сәйкес, техникалар Қазақстанның 14 облысындағы «Қазсушардың» 17 филиалына жеткізіледі. Соңғы кезең бойынша конкурс рәсімдері өткізіліп жатыр.
Филиалдарды жаңа техникамен жабдықтау су нысандарын тазалау және гидротехникалық құрылыстарды қайта жаңарту жұмыстарын жедел жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл тасқын суына қарсы шаралардың тиімділігін арттырады, – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі