Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары«Қазселденқорғаудың» бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевтың үкімі жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
7 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ бұрынғы басшысы Көкірекбаевты сыбайлас жемқорлық бойынша ақтады. Оның орынбасары Ахатаев пара алғаны үшін, ал «Bazis Construction Infr» ЖШС филиалының директоры Поплавский аса ірі мөлшерде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Алматы облысының прокуратурасы бірінші сатыдағы соттың қателіктеріне байланысты Көкірекбаевтың ақтау үкіміне апелляциялық шағым түсірді.
Биыл 25 шілдеде Алматы облыстық соты ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Қ.Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жолданды. Сонымен қатар, К. Көкірекбаев сот залында қамауға алынды, - делінген хабарламада.
Еске салайық, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және сол кезде «Қазселденқорғау» басшысы болған Кәрім Көкірекбаевтың ұсталғаны туралы 2022 жылдың 27 желтоқсанында белгілі болды. Сол кезде Антикор ол «пара алу кезінде» ұсталғаны туралы хабарланды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар