23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӘлеуметтік желілерде Алматыда автобус жүргізушісі болып істейтін әйел қазақстандықтардың қызығушылығын тудырды.
Ақтолқын Смайылованы түсірген алматылық әйел оның еңбекқорлығы мен батылдығына тәнті болып, ол туралы бейнероликті желі қолданушыларымен бөлісуге шешім қабылдаған.
35 жастағы Ақтолқын Шымкентте дүниеге келген, қазір күйеуі және екі баласымен бірге Алматыда тұрады. Бірнеше айдан бері 34-бағдарлы автобустың жүргізушісі болып жұмыс істейді.
«Бұрын мен автобуста кондуктор болып жұмыс істедім. Бірақ уақыт өте келе, көлік жүргізгіп, үйренгім келді. Оқып, жүргізуші куәлігін алдым. Алдымен троллейбус жүргіздім. Төрт айдан бері автобус жүргізушісі болып жұмыс істеймін», - деді Ақтолқын.
TikTok қолданушылары қысқа видеоға белсенді түрде пікір білдіріп жатыр. Желі қолданушылары жүргізушіге жылы сөздерін жазып, жұмысына шыдамдылық тіледі: «Осындай қыздарды құрметтеймін», «Өте ұқыпты жүргізеді», «Жолың болсын, сұлу қыз» деген жазбаларды көп кездестіруге болады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады