06.05.2026
12:40
142
Жаңалықтар

«Қазмырыштағы» жарылыс: зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіледі?

5 мамыр күні «Қазмырыш» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты. Бес адамды ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер жағдайды бақылауға алды. Жауаптылар оларға медициналық және әлеуметтік көмек толығымен көрсетілетінін хабарланды.

Білікті дәрігерлер Өскеменге жетті

Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған медициналық орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Мұрат Нұрбикеновтың айтуынша, ауруханаға бес адам жеткізілген. Оның төртеуі – еркек, біреуі – әйел. Соның ішінде 1980 жылғы  ер адамның денесінің 90 пайызын ауыр термиялық күйік шалып, тыныс алу жолдары мен көзі зақымданған.Терісі, ішкі органдары мен өңеші, тіпті көзіне дейін күйіп кеткен. Ол ауруханаға шок жағдайында түскен. Ал 1974 жылы туған тағы бір ер адамның омыртқасы сынған. Денесін 90% пайыз күйік шалған науқасқа жергілікті дәрігерлер қарқынды терапия жүргізгенімен, қосымша көмек көрек. Сол үшін Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері Өскеменге арнайы бортпен ұшып келеді. 

Таңғы сағат 08:30-да жедел жәрдемнен ауруханаға қоңырау түсті. Олар «жаппай жараланғандарды әкеле жатырмыз» деді. 08:40-та аурухананың қабылдау бөлімінде шұғыл бригада құрылды. Оның қатарында реаниматолог, травматолог, комбустиолог бар. Алғашқы жараланғандар 08:45-те түсе бастады.ұған дейін телемедициналық кеңес өткізіліп, соның барысында науқасты ары қарай емдеу тактикасы келісілді Жуық арада Өскеменге арнайы бортпен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының дәрігерлері келеді. Б, - делінген ақпаратта. 

Қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі?

«Қазмырыш» компаниясы қаза болған екі қызметкерінің отбасына олардың он жылдық жалақысы көлемінде өтемақы төлейді. Осы тұста қаза тапқан қызметкерлердің аты-жөні белгілі болды. Олар – Олжас Рамазанов пен Ержан Қамалиев. Кәсіпорын жерлеу рәсімінің шығынын толық өтейді. 

- Кәсіпорын қаза болған қызметкерлерінің балаларының жоғары оқу орынында білім алу ақысын төлеп береді. Ем қабылдап жатқан жұмысшыларға да арнайы көмек қарастырылған.
Олар қажетті медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Емделіп шыққанға дейін олардың жалақысы толық көлемде сақталады, - делінген хабарламада. 

Тергеу жұмысы басталды

ШҚО полиция департаменті апаттан екі адамның қаза болуына байланысты Қылмыстық кодекстің еңбек қауіпсіздігі ережесін бұзу бабы бойынша өылыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады. 

 Қазір оқиға орнында жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған шұғыл тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпаратты ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге тыйым салынған, - делінген ақпаратта.

Айта кетерлігі, «Қазмырыш» цехында түтінсорғышты тазалау барысында жарылыс болып, салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі құлады. 120 шаршы метрді өрт шарпыған. Оқиға кезінде цех ішінде 32 адам болған. Облыс әкімі жағдайды толық тексеруге тапсырма берді. 

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құруы тиіс. ШҚО Экология департаменті апатты жою штабы жұмыс істеген кезеңде атмосфералық ауа сапасына үздіксіз экологиялық мониторинг жүргізуі қажет. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі, - деді Нұрымбет Сақтағанов.