Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЛондонда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Ұлыбританияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігінің Санкциялар жөніндегі басқармасының директоры Дэвид Ридпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында мәселелердің кең ауқымы қаралды, соның ішінде КҚК мұнай құбыры арқылы Қазақстанның энергия көздерін жеткізу мәселесі де талқыланды.
ҚМГ басшысы Ұлыбританияның сыртқы саяси ведомствосына ынтымақтастық пен тұрақты кеңесі үшін алғыс білдірді.
«Әлемдегі геосаяси ахуал күрделенген кезде санкцияға байланысты тәуекелдер Қазақстан мұнайын, әсіресе КҚК құбыры арқылы үздіксіз жеткізуге «кедергі болмауы» аса маңызды. Бұл екі тарапқа да ортақ мүдде болғандықтан, осы секілді кездесуді сындарлы түрде өткізуіміз де маңызды», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.
Сондай-ақ, ҚМГ Басқарма төрағасы ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің ұлыбританиялық серіктестермен тұрақты байланыс ұстаудағы ерекше рөлін атап өтті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары