12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБүгін Жаңаөзенге қала кәсіпорындарының мәселелерін қарап, талдау үшін келген арнайы жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырыс кезінде жұмыс тобын екі шағын топқа бөлу туралы шешім қабылданды. Біріншісі қаржы-шаруашылық және сатып алу қызметін тексереді, ал екінші топ аса өзекті мәселелерді анықтау мақсатында фокус топтармен және жұмыс ұжымдарымен коммуникация орнатуға жауапты болады.
Кеңес барысында «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Нұрдәулет Қилыбай жұмыс тобы өрескел заң бұзушылықтарды анықтаған жағдайда компанияда кадрлық өзгерістер жүргізілетінін атап өтті.
Сонымен қатар кеңестен кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдері жергілікті жұмысшылар арасында сауалнама жүргізуге кірісті және компанияның бірқатар өндірістік нысанын аралады.
Атап айтқанда, жұмыс тобының мүшелері химия және экология басқармасында, сондай-ақ мұнай айдау басқармасында болды. Қызметкерлер бірқатар техникалық қондырғыны жаңарту қажеттілігі туралы айтып, білікті кадрлардың тапшылығы барын жеткізді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдері өз тарапынан «Өзенмұнайгаз» АҚ компаниясының еңбек жағдайын жақсарту және инфрақұрылымын жаңарту бойынша қажетті өзгерістер енгізуге дайын екендігін білдірді.
Сол күні жұмыс тобының жетекшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов Жаңаөзендегі «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінің бұрынғы қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде Д.Хасанов жалақы мен әлеуметтік пакетті сақтай отырып, «БерӘлінің» бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа орналастыру және алдағы уақытта ұзақ мерзімді еңбек шарттарын жасасу жөнінде ұсыныстар айтты.
Айтылған сөздерді растау үшін кездесуге қатысқандар тиісті хаттамамен танысып шықты.
Жалпы «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметін тексеру жұмыстары бірнеше аптаға созылатынын атап өтеміз. Сондай-ақ жақын арада жұмыс тобы 67 мұнай өндіру және мұнай сервисі ұйымдарының ұжымдарымен кездесетін болады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер