22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБұрынғы энергетика вице-министрі Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін бұл қызметті Мағзұм Мырзағалиев атқарған еді.
Асхат Хасенов 1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай және газ өндіру цехының операторы болып бастады.
2006-2010 жылдары — «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жетекші маманы, бас маманы, кен орындарын әзірлеу бөлімінің басшысы, департамент директорының орынбасары, техникалық реттеу департаментінің директоры, вице-президенті.
2010-2011 жылдары — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Мемлекеттік бақылау мониторингі және талдау басқармасының бас сарапшысы, басшысы.
2011-2014 жылдары — ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекция және рұқсат беру басқармасының басшысы.
2014-2019 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту және техникалық реттеу департаментінің директоры.
2019 жылдан бастап «Қазмұнайгаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді.
2022 жылы Энергетика вице-министрі болды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев