6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«ҚазМұнайГаз» еншілес компанияларының басшылары ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп мұнай-газ саласының жекелеген кәсіпорындарының қызметінде тексеру жүргізіп жатыр. «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС лауазымды тұлғалары бюджет қаражаты есебінен 700 млн теңгеден астам сомаға мердігер компанияның шығыстарын негізсіз өтегені анықталды. Бұдан басқа, мердігерлерге нақты көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 млрд теңге аударылған.
Аталған бұзушылықтар бойынша 10 шілдеде Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшерде жымқыру) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ 22 шілдеде «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ еншілес ұйымының 11 млн теңгесін жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 23 шілдеде Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС-нің бұрынғы басшысы ұсталды, - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Бюджет қаражатын жымқыру және талан-таражға салу фактілері бойынша оларды тергеу шеңберінде 8 адам, оның ішінде «Қазмұнайгаз «ҰК» АҚ еншілес компанияларының 4 басшы лауазымындағы тұлғалар ұсталды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі