6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан қор нарығы тарихындағы ең ірі IPO шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акцияларының сауда-саттығын ашу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-Министр өз сөзінде жетекші ұлттық компанияның IPO-сы экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту реформасын әрі қарай іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқанын атап өтті. IPO-ның жалпы көлемі 154 млрд теңгені ($330 млн-ды) құрайды. Берілген өтінімдер саны шамамен 130 мың.
Қазақстандық инвесторлардың үлесі 95%-дан артық.
«Біздің азаматтардың өтініштері басым тәртіпте әрі толықтай қанағаттандырылды. «ҚазМұнайГаздың» IPO-сы Қазақстанның қор нарығы үшін ірі мәмілелердің бірі болып табылады. Бұл отандық қаржы нарығын дамытуға, еліміздің азаматтарына да оң әсер етеді», — деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, ірі мемлекеттік компанияларды қор нарығына шығару – олардың қоғам мен акционерлер алдында есеп беру міндетін ұлғайтып, ашықтығын арттырады. Халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығы жетіліп келеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі