23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының 5 пайыз акциясы сатылымға шығарады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Самұрық-Қазына» қорына «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының 90,42 пайыз акциясы тиесілі. Осы орайда қор «ҚазМұнайГаздың» 30 505 974 жай акцияларын сатуға ниетті. Бұл жалпы шығарылған және орналастырылған акциялардың шамамен 5 пайызын құрайды. Осылайша, «Самұрық-Қазына» қорына «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының кем дегенде 85 пайызы тиесілі болады. 5,1 трлн теңге көлеміндегі капитал құнын ескере отырып, ұсыныс шеңберіндегі бір жай акцияның бағасы шамамен 8 406 теңге болады», - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Оның айтуынша, акцияларды сатып алуға ниетті институционалдық инвесторлардан өтінім қабылдау 9-30 қараша аралығында жүргізіледі. Ал бөлшек инвесторлардың өтінімі 2 желтоқсанға дейін қабылданады.
Бұл бастаманы Премьер-Министр төрағалық ететін экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия ұсынған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады