29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында екінші және үшінші атом электр станциясын салу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Президенттің айтуынша, еліміздегі алғашқы атом электр станциясының құрылысы «Росатоммен» бірлесіп жүзеге асырылып жатқанымен, бұл жобаның өзі тұрақты экономикалық өсімді толық қамтамасыз ете алмайды.
Сондықтан біз қазірден бастап екінші, тіпті үшінші атом электр станциясының құрылысын жоспарлауға кірісуіміз керек. Жақында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен өткен кездесуде осы саладағы стратегиялық әріптестік жөнінде уағдаластық. Қазақстан энергетикалық егемендікті қамтамасыз ету мақсатына сәйкес барлық әлемдік компаниялармен өзара тиімді негізде ынтымақтастық орнатуға дайын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент сонымен қатар елімізде сапасы жоғары көмір қоры мол екенін ескеріп, оны заманауи технологияларды пайдалана отырып экологиялық тұрғыда таза әрі тиімді дамытуға ерекше назар аудару қажет екенін айтты.
Мемлекет басшысы табиғи байлықтарды елдің дамуына дұрыс әрі ұтымды пайдаланудың маңызы зор екенін атап өтті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек