Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Қазгидромет» 13 сәуірде еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік және Оңтүстік циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронтальді бөлімдер ҚР көп бөлігінде найзағайлы, жаңбырлы ауа райын тудырады, оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр қатты жауады, елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын болады (негізінен жаңбыр). ҚР бойынша тұман, жел күшейеді деп күтілуде, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Оның айтуынша, Ақмола облысында Есіл өзені гидрологиялық бекетінде су деңгейінің 12 сағат ішінде 21 см-ге көтерілуі жалғасуда. Петропавл қаласында Есіл өзені гидрологиялық бекетінде су деңгейінің тәулік ішінде 144 см күрт көтерілуі байқалды. Долматово а. – Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің тәулік ішінде 135 см көтерілуі байқалды.
Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуінен және еріген қар ағынының келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, - деді спикер.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік