Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты 2025 жылғы 5 қарашаға арналған болжамын жариялады. Мамандардың дерегінше, бүгін Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл - атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Экологтар мен синоптиктер тұрғындарға денсаулықтарына мұқият болуды, әсіресе жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі ауруларымен ауыратын азаматтарға сыртта ұзақ уақыт болмауға кеңес береді. Сондай-ақ көлік қозғалысын азайтып, тұрмыстық қалдықтарды ашық ауада жағудан бас тарту ұсынылады.
Айта кетейік, бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, ауа температурасы төмендейді. Кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды