Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары14 желтоқсанда бірқатар өңірде аяз күшейіп, боран соғады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында боран болады. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетті. Ауа температурасы 20-25, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз болады.
Ақтөбе облысының орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 16 м/с-ке жетеді деп күтіліп отыр.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде боран соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы бірден 20-25, солтүстігінде 30 градусқа дейін төмендейді.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ болады. Ақтау қаласында түнде көктайғақ болуы ықтимал.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарына тұман түседі. Таулы аймақта оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан қаламында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар