30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыӘлеуметтік желіде 1 қарашадан бастап шетелдіктердің Қазақстанға кіруі үшін ақылы электронды рұқсат қажет болады деген ақпарат тарады. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі бұл мәліметке түсініктеме беріп, әзірге QazETA жүйесі міндетті емес екенін мәлімдеді.
QazETA әзірге тестілеу кезеңінде
ІІМ мәліметінше, 2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда QazETA жүйесін кезең-кезеңімен енгізуге мүмкіндік беретін жаңа заңнамалық нормалар күшіне енген. QazETA – Қазақстанға визасыз келетін шетел азаматтарына арналған электронды рұқсат жүйесі.
Алайда қазір бұл жүйе пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Сондықтан шетелдіктерден электронды рұқсатты міндетті түрде рәсімдеу талап етілмейді және ол үшін ақы алынбайды.
Қазіргі уақытта жүйе пилоттық режимде жұмыс істейді. Электронды рұқсатты рәсімдеу міндетті емес, ақы алынбайды. Сондай-ақ QazETA-ның болмауы елге кіргізбеуге негіз бола алмайды. Мемлекеттік шекарадан өтудің қолданыстағы тәртібі өзгеріссіз қалады, – деп түсіндірді министрлік.
ІІМ QazETA қолданылатын елдердің тізімі, жүйені міндетті түрде пайдалану мерзімі, оны рәсімдеу тәртібі мен төлем мөлшері кейінірек жарияланатынын атап өтті.
Сонымен бірге QazETA визаның орнына жүрмейді және шетел азаматтарының Қазақстан аумағында болу мерзіміне өзгеріс енгізбейді. Жүйені енгізудің келесі кезеңдері туралы ақпарат ресми дереккөздер арқылы алдын ала хабарланады.
Әлеуметтік желіде қандай ақпарат тарады?
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстан шетел азаматтары үшін ақылы электронды рұқсат жүйесін 1 қарашадан бастап міндетті етеді деген ақпарат тараған еді.
Жарияланымдарда QazETA-ны кезең-кезеңімен енгізудің болжамды мерзімдері де көрсетілді. Ондағы мәлімет бойынша, 1 қарашадан бастап әуе көлігімен келетін шетелдіктерге, 15 қарашадан бастап Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттері арқылы өтетіндерге электронды рұқсат қажет болуы мүмкін екені айтылған. Ал 30 қарашадан бастап Ресей мен Қырғызстаннан автокөлікпен келетіндерге, 15 желтоқсаннан бастап пойызбен немесе теңіз өткізу бекеттері арқылы кіретін жолаушыларға талап енгізіледі деген ақпарат тарады.
Сондай-ақ кейбір жазбаларда жарамды электронды рұқсаты жоқ жолаушыларды әуе компаниялары рейске отырғызбауы мүмкін деген мәлімет келтірілген.
QazETA құнына қатысты да түрлі ақпарат жарияланды. Сербия Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасаған жазбаларда электронды рұқсатты алдын ала рәсімдеу шамамен 3 900 теңге, ал шекарада рәсімдеу 7 800 теңге болуы мүмкін екені айтылды. Алайда Қазақстанның Ішкі істер министрлігі әзірге бұл мерзімдер мен төлем көлемінің ресми түрде бекітілгенін растаған жоқ.
QazETA не үшін енгізілмек?
QazETA жүйесін енгізу туралы алғаш рет тамыз айының басында белгілі болды. Ішкі істер министрлігі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанға кіру және ел аумағында болу тәртібіне өзгерістер енгізуді ұсынған.
Ұсынылған тетік бойынша шетел азаматтарына Қазақстанға кіру үшін электронды рұқсат беру қарастырылған. Жаңа жүйе көші-қон бақылауын жетілдіріп, елге келетін шетелдіктерді нақты есепке алуға және бірқатар рәсімді автоматтандыруға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.
Жоба аясында электронды рұқсатты рәсімдегені үшін төлем енгізу де қарастырылған. Бұл қаражат цифрлық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталмақ.
Дегенмен қазіргі таңда QazETA пилоттық режимде ғана жұмыс істейді. Сондықтан 1 қарашадан бастап Қазақстанға кіру міндетті түрде ақылы болады деуге негіз жоқ. Нақты мерзімдер, талаптар мен төлем мөлшері ресми түрде кейін жарияланады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды