Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікӘлеуметтік желілерде кеңінен тараған «қаздан қашқан бала» бейнежазбасындағы үш жасар Керей Махамбетұлы күтпеген сыйлыққа ие болды. «Ауыл» партиясының Ақтөбе қалалық филиалының өкілдері кішкентай кейіпкерге жүз қаз тарту етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Интернетті дүр сілкіндірген видео бүгінде 200 миллионнан астам қаралым жинаған. Тіпті әйгілі америкалық рэпер Snoop Dogg та өз парақшасында жариялап, роликті миллиондаған оқырманына ұсынған.
Кішкентай Керей Ақтөбенің Күншуақ шағынауданында тұрады. Әкесі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Отбасы жылқы, пони және қаз ұстап, ауыл шаруашылығымен айналысады.
Ал желі қолданушылары бұл әрекетті әзілге айналдырған.
«Ол бала өзі қаздан қорқып жылап жүрсе, тағы қаз сыйлағаны несі?», «Неден қашсаң, соған тұтыласың», «Жүз жылқының алдына түсіп жүгірсем бе екен», - деп жазған көпшілік.
@aikoaktobe #fyp #қазданқашқанбала #актобе04🇰🇿 ♬ Палуан - Асан Абдралин
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер