30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «Qazcontent» АҚ Қазақстан шахмат федерациясы және Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесе отырып «QAZCONTENT OPEN 2025» шахмат турнирін ұйымдастырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнир 2025 жылдың 21 маусымында Астана қаласындағы Spaces коворкингінде (Самал шағын ауданы, 11) өтеді.
Қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-де басталады.
QAZCONTENT OPEN 2025 турнирі швейцариялық жүйе бойынша 7 турдан тұратын блиц форматында өткізіледі. Жартылай финал - нокаут жүйесінде өтеді. Қатысуға теледидар, баспа, радио, интернет БАҚ қызметкерлері, сондай-ақ блогерлер мен инфлюенсерлер шақырылады.
Ал турнирдің толық шарттарымен мына сілтеме арқылы таныс болыңыздар.
Жеңімпаздарға дипломдар, бағалы сыйлықтар және жүлде қоры табысталады:
Барлық нәтиже халықаралық Chess-Results.com платформасында жарияланады.
Қатысу үшін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет:
Тіркеу 2025 жылғы 17 маусым күні сағат 18:00-де аяқталады.
Турнирге ФИДЕ блиц-рейтингі 2000-нан аспайтын, кәсіби шахматшы немесе жаттықтырушы болып табылмайтын тұлғалар ғана қатыса алады.
Қосымша сұрақтар бойынша байланыс:
Турнир үйлестірушісі — Ернар Сейтахмет
Тел.: +7 (777) 069-22-11.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды