Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарQazcontent ұжымы БАҚ қызметкерлерінің күнінде тимбилдинг ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мерекеге орайластырылған іс-шараға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы келіп, құттықтау сөзін жеткізді.
Сонымен қатар бірқатар журналист министрдің қолынан марапат алды.
Атап айтсақ, Президенттің Алғыс хатымен BAQ.KZ ақпараттық сайтының аға тілшісі Гүлжан Раманқұлова; Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Алғыс хатымен EL.KZ сайты бас редакторының орынбасары Рүстем Омаров пен BAQ.KZ редакторы Самал Алманова, Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен BAQ.KZ тілшісі Мақпал Жұмашева мен мультимедия бөлімінің жетекшісі Нұртай Башенов; Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Алғыс хатымен Жансая Қамбар марапатталды.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен baigenews.kz сайтының бас редакторы Гүлмира Біләлова марапатталды.
Бұдан өзге Qazcontent акционерлік қоғамыынң төрағасының Алғыс хаты мен сыйлықтары бірқатар қызметкерлерге табысталды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?