Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы болып Бекзат Бақбергенұлы Жүсіп тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Жаңа басшыны ұжымға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі таныстырды. Сондай-ақ министр бұған дейін АҚ-ны басқарған Елдос Нәшірәліге табысты қызметі үшін алғысын білдірді.
Бекзат Жүсіп бүгінге дейін Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарған болатын.
Ол 1989 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Шығыс Англия университетін тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында редактор қызметінен бастаған.
Әр жылдары Қызылорда облысы әкімінің баспасөз хатшысы – бас инспекторы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары сынды жауапты қызметтер атқарған.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады