Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«ҚазАвтоЖол» және «Korea Expressway Corporation» ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
24 сәуірде ҚР Көлік министрлігінің «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен Оңтүстік Корея мемлекетінің өкілдерімен кездесу өтті. «Korea Expressway Corporation» Оңтүстік Кореядағы ақылы автожолдарды салумен айналысатын және оларға қызмет көрсететін компаниялардың бірі.
Кездесу аясында шетелдік мамандарға «Астана-Теміртау» бағытындағы ақылы учаскесінің жұмысы таныстырылып, оларды күтіп-ұстау шаралары көрсетілді. Келіссөздер барысында қос тарап автожолдар мен көлік жүйелерін жүйелі жобалау, салу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану саласы бойынша мәселелерді талқылады.
Іс-шараны қорытындылай келе, екі тарап өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Аталмыш құжат автожол саласында тәжірибемен алмасуға, әрі өзара тиімді ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?