«ҚазАвтоЖол» компаниясы Бас көлік прокуратурасының мәлімдемесін жоққа шығарды

6 Наурыз, 21:15 829

6 наурыз күні Бас көлік прокуратурасының ресми сайтында аталған ведомство жолдың ақылы учаскесінде кәсіпкерлерден сома алуды тоқтатқаны туралы мәлімет жарияланған болатын. Ал «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш релизде ұсынылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және ресми жоққа шығарылады. Былтыр Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 8 бұйрығымен Көкшетау – Петропавл республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылданды. Көкшетау-Петропавл учаскесі 3 аймаққа бөлінген: 1. км 304 – 354 (50 км); 2. км 354 – 443 (89 км) және 3. км 443 – 473 (30 км). Аталған учаскеде ақылылық енгізілгеннен кейін бірінші аймақ бойынша барлық сегментті өтпеген Көкшетау қаласының тасымалдаушылары тарапынан ұжымдық шағым түсті делінген «ҚазАвтоЖол» мәліметінде.

Сондай-ақ мәліметте компания жүргізушілердің пікіріне әрдайым құлақ асады және ашық диалог орнатуды қолдайтындығы атап өтілген. Филиал мұндай мазмұндағы материалдар БАҚ беттеріне шыққанға дейін Автомобиль жолдары комитетіне аталмыш аймақты екіге бөлу бөлігінде бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жолдаған.

«Көкшетау-Петропавл» автомобиль жолының бойында бірнеше өндірістік нысандар бар екенін атап өткіміз келеді. Сол себепті әрбір съезде бақылау аркаларын орнату мүмкін емес. Жүргізушілердің барлық талаптарын жүзеге асыра алмаудың объективті себептері бар. Жол ақысын есептеу және алу бұйрық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. «Автомобиль жолдарының учаскелерін пайдалану туралы» бұйрықтар мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі және әділет органдарында тіркеледі делінген компания хабарламасында. 

Бас көлік прокуратурасының ақпаратындағы 605 пайдаланушыға қатысты (берешегі 3,5 миллион теңге) қаражатты өндіріп алу туралы шешім әлі жойылмапты. Көлік министрлігі біржақты шешім қабылдағанға дейін уақытша тоқтатылған. Қазіргі уақытта бұйрық жобасы Көлік министрлігімен келісу барысында.

Оқи отырыңыз: 

Зарина Арман
Бөлісу: