6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ барша қазақстандықтарды жол бойындағы тазалықты сақтауға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Достар, біздің жолшы мамандар күн сайын республикалық маңызы бар автожолдардың бойын қоқыстардан тазалап, жолдың таза әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді. Ол кісілердің ауыр жұмыстарына қарамастан, азаматтар қоқысты кез келген жерде тастайды, - делінген ақпаратта.
Бұл неге маңызды?
1. Экология: Жол бойындағы қоқыстар қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктерге зиянын тигізеді.
2. Қауіпсіздік: Тасталған қоқыстар жол-көлік оқиғасы мен көліктердің бұзылуына себепші болады.
3. Тазалық: Таза жолдар - біздің ортамыздың тазалығы.
Ол үшін не істеу керек?
- Қоқыс жәшіктерін қолданыңыз: Көліктің терезесінен қоқыстарды тастамаңыз. Арнайы жерлерде тастауды әдетке айналдырыңыз.
- Үлгі болыңыз: Жол бойында қоқыс көрсеңіз, оны жинап, арнайы жерге тастаңыз. Басқа адамдарға үлгі көрсетіңіз.
- Алдын ала жоспарлаңыз: Көлігіңізде арнайы пакетті ұстап, соған жинаңыз. Жол бойындағы жақын қоқыс жәшіктерінің біріне тастаңыз.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі