23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы» АҚ Румыния зауытына табиғи уран жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі компанияға сілтеме жасап.
Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Societatea Natională «Nuclearelectrica» S.A. («SNN») энергия компаниясына табиғи уран концентраттарын жеткізу сәтті жүзеге асырылғанын хабарлайды, - делінген мәліметте.
SNN – электр энергетикасы және жылумен жабдықтау саласындағы Румынияның мемлекеттік компаниясы.
2022 жылғы желтоқсанда Қазатомөнеркәсіп Румынияның атом энергетикасының қажеттіліктері үшін уран тотығын жеткізуге арналған SNN ашық тендерінің жеңімпазы танылды. Келісімшарт талаптарына сәйкес компания табиғи уранды SNN зауытына дейін жеткізді. Қазатомөнеркәсіп өз өнімдерін Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) арқылы экспорттады, оны компания 2018 жылдан бері белсенді пайдаланып келеді. Қазатомөнеркәсіп әлемдік ядролық отын нарығындағы сенімді әрі артықшылыққа ие жеткізуші ретінде өнім жеткізу географиясын әртараптандыру және жаңа өткізу нарықтарына шығу жөніндегі жұмысын жалғастыра береді, - делінген «Қазатомөнеркәсіп» хабарламасында.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік