23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақтың күйлері әлем елдерінің радиосында шырқалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынысымен және де Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері мен шетелдік серіктестеріміздің қолдауымен алғаш рет әлемнің радиостанциялары Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, өз радио тыңдармандарына атақты қазақ күйлерін ұсынуда.
Құрманғазы атындағы оркестрдің орындауындағы күмбірлеген домбыраның әуезді үні 5 құрлықтың танымал радиостанцияларының эфирінде орындалып жатыр. Ұлы дала музыкасы көктем мерекесінің ғажайып атмосферасын қалыптастырып, бүкіл әлемге ізгіліктің шуақты нұрын шашты, - деді ол.
Күйлер Вьетнам, Таиланд, Малайзия, Индонезия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Иран, Эфиопия, Оңтүстік Африка Республикасы, Марокко, Түркия, Грузия, Болгария, Сербия, Хорватия, Литва, Латвия, Мажарстан, Польша, Испания, Бразилия және АҚШ елдерінің радиостанцияларында, жалпы 26 мемлекетте таратылды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік