6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркияның Анкара қаласында өткен «Зияткерлік ойындарды үйретудің заманауи технологиялары және әдістемелік ерекшеліктері» атты II халықаралық семинарда қазақтың ұлттық ойыны «бестемше» ерекше танымалдыққа ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы білім басқармасының мәлімдеуінше, аталған іс-шара Мангала Федерациясы мен Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының ұйымдастыруымен өтіп, әлемнің 15-тен астам елінен келген педагогтердің басын қосты.
Семинар барысында қатысушылар балаларға арналған зияткерлік ойындарды үйретудің жаңа әдістерімен танысып, тәжірибе алмасты. Қазақтың ұлттық ойынын елордалық №5 «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Мөлдір Жолбарысова мен тәрбиеші Таңшолпан Рахмет таныстырды. Олар «Алаңдағы бестемше» авторлық ойынын көрсетті.
Бұл ұлттық ойын семинар қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. «Алаңдағы бестемше» аукционға қойылып, жоғары бағаланды. Осылайша, аталған іс-шара қазақтың ұлттық руханиятын дәріптеуге және зияткерлік ойындар қатарында бестемшенің беделін арттыруға ықпал етті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі