13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз«QazaqTV» телеарнасы ребрендинг жасап, атауы «Jibek Joly» болып өзгерді деп, хабарлайды El.kz.
Телеарнаның атауы ғана емес, хабар тарату кестесі де өзгерді. Ендігі уақытта «Jibek Joly» телеарнасын теледидар пультінің 7 санын басу арқылы көруге болады.
Бұған дейін Kazakh TV ел аумағында көрсетілуге міндетті телеарналар тізіміне енген болатын.
Бұйрыққа сәйкес, енді міндетті телерадиоарналардың тізімі мынадай:
1. «QAZAQSTAN»
2. «Хабар»
3. «Хабар 24»
4. «BALAPAN»
5. «ABAI TV»
6. «QAZSPORT»
7. «Kazakh TV»
8. «МИР»
9. «Астана»
10. «Almaty»
11. «Евразия бірінші арнасы»
12. «КТК»
13. «31 арна»
14. «Жетінші арна»
15. «El arna»
Kazakh TV арнасы Қазақстанның барлық аймақтарында хабар тарата бастайды. Республикадан тыс әлемнің 120-дан астам елінде хабар таратады.
Kazakh TV – Қазақстан Республикасының тұңғыш ұлттық спутниктік телеарнасы. Қазіргі уақытта ол «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ құрылымына кіреді.
Арна мазмұны – 100% отандық өнім. Жалпы аудиториясы – 300 миллионнан астам көрермен. Телеарнаның бағдарламалары бірнеше тақырыптық бағытта ұсынылады және Қазақстанның мәдениеті, дәстүрі, тарихы, туризмі мен инвестициялық мүмкіндіктері сынды салаларды қамтиды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды