Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБұл туралы Ринат Зайытов «Хабар» арнасындағы «Біздің мақсат» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат жұмыс берушілердің жалақы төлеудегі жүйесіне де шүйлікті.
Жұмыс берушілер қанша төлейтінін өзі біледі дегенді айттыңыз. Бұл да сіздердің қателіктеріңіз. «Қазақтелеком» сіздердің заңдарыңызды пайдалана отырып, 2022 жылы берген есептеріне байланысты компанияның 4-ақ менеджері бір жылда 422 миллион 159 мың теңге сыйақы алған. Яғни әрқайсысы 105 миллион 530 мың теңге. 2021 жылы «Қазақтелекомның» 9 мүшесі 500 миллион 435 мың теңге сыйақы алған. Жан басына шаққанда 55 миллион 600 мың теңге, - деді Зайытов.
Сонымен қатар ол ең төменгі жалақы деңгейі қандай негізге сүйеніп есептелгенін түсінбейтінін де айтты.
Сіздер 85 мың теңге деген ақылға қонымсыз нәрсені қалай есептеп шығардыңыздар? Күнкөріс деген қарапайып арифметика ғой. Сіз 1 жастан 4 жасқа дейін өтемақы төлеп отырмыз дейсіз. Мысыққа тамақ бергендей мұрыннан шертпей-ақ қойыңыздар. Беріп отырғандарыңыз – бір балаға 13 800 теңге. Күніне 465 теңге шығады. Жөргектің өзі қанша тұратынын білесіз ғой. Сонда осы жете ме? Сіздер осындай есепті алып шығып, жоғарыдағы биліктің аузына салып бересіздер, - деді мәжілісмен.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары