22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыQazaqSut өзінің халықаралық көкжиегін сенімді түрде кеңейтуді жалғастыруда. Биыл Палата Дүниежүзілік симменталь тұқымы Федерациясына - әлемдегі ең жақсы өндірушілерді біріктіретін ұйымға кіру арқылы жаңа маңызды қадам жасады. Бұл оқиға қазақстандық фермерлердің алдында өзінің жоғары деңгейдіге сүт және ет өнімддерін өндіруге болатын тұқымдардың бірін өсірудің озық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы Федерацияға қосылу туралы шешім Канадада 2024 жылдың шілдесінде Дүниежүзілік симменталь тұқымы федерациясы мүшелерінің Дүниежүзілік кездесуінде қабылданды. Бұл қадам Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясын нығайтып қана қоймай, тәжірибе алмасу және ауыл шаруашылығында инновациялық тәжірибелерді енгізу үшін платформа жасайды.
Айта кетейік, бұл әлемдік аренадағы алғашқы жетістік емес: өткен жылы Қазақстан сүт саласын нығайтуға және озық әлемдік тәжірибелерді қабылдауға мүмкіндік берген Дүниежүзілік голштин тұқымы федерациясының мүшесі болды. Енді симментальды тұқымның қосылуымен ел одан да көп даму мүмкіндіктеріне ие болды.
Қазақстандық фермерлер жаңа технологияларды белсенді енгізе алады және әлемдік көшбасшылармен тәжірибе алмасады, бұл ішкі және халықаралық нарықтарда отандық асыл тұқымды өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді. Бұл қарқынды өсу елдің әлемдік сүт аренасындағы негізгі ойыншылардың бірі болуға деген ұмтылысын көрсетеді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев